Шет ауданының Тағылы ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

Шет ауданының Тағылы ауылдық округі әкімдігіне  кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

 

2024 жылғы 19 наурызда Шет аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, "Шет ауданының Тағылы ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы" шешім қабылданды.

Шет ауданының Тағылы ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы баяндамамен аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Амангельдинов сөз сөйледі.

2024 жылғы 7-19 наурыз аралығында Шет ауданының Тағылы ауылдық округі әкімдігіне 3 кандидат құжат тапсырғанын хабарлады. Оның ішінде саяси партиялардан - 1, өзін-өзі ұсыну тәртібімен - 2. Ұсынылған үміткерлердің 2-і ер, 1-і әйел адам.

Кандидаттардың орташа жасы - 32 жас. Ең жас үміткер 28 жаста, үміткерлер арасында ең үлкен жас - 35 жас.

Мамандықтар бойынша: 2 – қаржыгер, 1 – заңгер.

Ұсынылған кандидаттардың 3-і мемлекеттік қызметші.

Қазіргі уақытта әкімдікке кандидаттарды тіркеу процесі жүргізілуде, тіркеу 2024 жылғы 24 наурызға дейін жалғасады, өйткені сайлау туралы заңнамаға сәйкес сайлау комиссиялары мемлекеттік органдармен бірлесіп кандидаттар ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексеру бойынша жұмыстар жүргізеді.

 

ШЕТ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ

Дата публикации
19 марта 2024