Тіршілікті қамтамасыз ету және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріндегі төтенше жағдайларда, сондай-ақ қолайсыз ауа-райы-климаттық жағдайлар және төтенше жағдайлардың алдын алу және жою шаралары кезінде жергілікті атқарушы органдардың халықты
ескерту алгоритмі
Тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері тоқтаған жағдайда (авариялар, төтенше жағдайлар және т.б.) облыс халқының тұрақты өмірін қамтамасыз ету үшін келесі тәртіп белгіленді:
- Қызмет беруші кәсіпорынның кезекші диспетчері тіршілікті қамтамасыз ету және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріндегі авариялық жағдай туралы, сондай-ақ қолайсыз ауа-райы мен климаттық жағдайлар туындаған кезде кәсіпорынның басшылығына, жергілікті атқарушы органға, Төтенше жағдайлар және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға ақпаратты жеткізеді (15 минут ішінде).
- шұғыл әрекет ету топтарын дереу хабардар ету (бірден);
- технологиялық бұзушылықтың сипаты мен көлемін анықтайды (15 – 30 минут ішінде).
- тіршілікті қамтамасыз етудің қосымша көздерін дайындайды (бірден).
- әкімдіктердің ресми сайттары, әлеуметтік желілер (Instagram, telegram арналары және т.б.) арқылы төтенше жағдайлар, апаттардың ауқымы және оларды жоюдың болжамды уақыты туралы дереу хабарлауды ұйымдастырады (30 минутқа дейін).
Мысалы: Абай көшесіндегі су құбырында үзіліс, 5 үйде 200 абонент судан ажыратылды, апатты жоюдың болжамды уақыты сағат 17.00-ге дейін);
- үйішілік чаттар арқылы жағдай туралы ақпаратты одан әрі беру үшін көпқабатты үйлердегі меншік иелерінің бірлестігі (КСК, УД) төрағаларын ақпараттандыруды ұйымдастырады.