2024 жылдың 18 ақпанында өткен Шет ауданының Босаға, Бұрма ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы қорытындылары туралы ХАБАР
Ағымдағы жылдың 18 ақпанында Шет ауданының Босаға, Бұрма ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.
Шет аудандық сайлау комиссиясы ҚР "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңның 14-бабының 9-тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес, әкімдерді сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 1124 азамат енгізілді, оның ішінде 793 (70,55%) дауыс беруге қатысты.
Әкімдікке кандидаттар саны - 6 адам, оның ішінде "Amanat" партиясынан 2 кандидат, өзін-өзі ұсыну арқылы 4 кандидат.
Сайлаудың өтуін бақылауға кандидаттардың 3 сенімді тұлғасы және "Amanat" партиясынан 2 бақылаушы қатысты.
Сайлау заң талаптарын сақтай отырып, заңбұзушылықсыз өтті. Прокуратура органдарына шағымдар мен арыздар түскен жоқ, соттарға талап-арыздар енгізілген жоқ.
Барлық 2 сайлау округінде әкімдер сайланды.
Босаға ауылдық округі бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 494 азамат енгізілді, олардың 344-сі (69,64%) дауыс берді.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Жақанов Олжас Мұсағұлұлы – 39;
Жумагулова Алия Балтабаевна – 25;
Рахметов Қазбек Құрманбайұлы – 261;
Барлығына қарсы – 11.
Босаға ауылдық округінің әкімі болып Рахметов Қазбек Құрманбайұлы сайланды, 1978 жылы туған, Босаға ауылдық округінің әкімі, Шет ауданы Босаға ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясының ұсынуымен.
Бұрма ауылдық округі бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 630 азамат енгізілді, олардың 449-сі (71,26%) дауыс берді.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Абишев Нұрболат Ақбарұлы - 359
Ардақұлы Қуаныш – 31
Оразалин Бахтияр Тлеубайұлы - 39
Барлығына қарсы – 13.
Бұрма ауылдық округінің әкімі болып Абишев Нұрболат Ақбарұлы сайланды, 1962 жылы туған, Бұрма ауылдық округінің әкімі, Бұрма ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясының ұсынуымен.
ШЕТ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ