«Шет ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы» Шет аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №44/408 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Шет аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Шет аудандық мәслихатының «Шет ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы» 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 44/408 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6143 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.