Мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орынына орналасуға конкурстық комиссияның шешімі
2024 жылдың 15 қаңтарында уәкілетті органның және мемлекеттік органның сайтында «Шет аданы әкімі аппараты» ММ ұйымдастыру бөлімінің бас маманы - пресс-хатшысы (санаты E-4, №9-4, В блогы), «Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімі аппараты» ММ бас маманы (санаты E-G-3, №6-7, А блогы), «Красная Поляна ауылдық округі әкімі аппараты» ММ жетекші маманы (санаты Е-G-4, №11-3, А блогы), «Көктіңкөлі ауылдық округі әкімі аппараты» ММ жетекші маманы (санаты Е-G-4, №18-3, В блогы) барлығы 4 бос орнына ішкі конкурс жарияланды
Конкурстық комиссия үміткерлер ұсынған құжаттарды қарастырып, кәсіби тәжірибесін, басқару және коммуникативтік дағдыларын ескере отыра, үміткермен өткізген әңгімелесу қорытындысын талқылай келе бір ауыздан ШЕШІМ ЕТТІ
«Шет аданы әкімі аппараты» ММ ұйымдастыру бөлімінің бас маманы - пресс-хатшысы (санаты E-4, №9-4, В блогы) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына Сембай Айбол Есболұлы ұсынылды.
«Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімі аппараты» ММ бас маманы (санаты E-G-3, №6-7, А блогы) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына Амантай Жасұлан Көшкімбайұлы ұсынылды.
«Красная Поляна ауылдық округі әкімі аппараты» ММ жетекші маманы (санаты Е-G-4, №11-3, А блогы), «Көктіңкөлі ауылдық округі әкімі аппараты» ММ жетекші маманы (санаты Е-G-4, №18-3, В блогы) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына құжат тапсырған үміткер жоқ.