ШЕТ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ Шет ауданының Босаға, Бұрма ауылдық округтері әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы ХАБАРЛАМАСЫ

ШЕТ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ
Шет ауданының Босаға, Бұрма ауылдық округтері әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы
ХАБАРЛАМАСЫ

 

Шет аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес 2024 жылдың 18 ақпанына тағайындалған Шет ауданының Босаға, Бұрма ауылдық округтері әкіміне келесі кандидаттарлдың тіркелгендігін хабарлайды:

 

Босаға ауылдық округі:

- Жақанов Олжас Мұсағұлұлы – 1991 жылы туған, «Ақадыр кенті әкімінің аппараты» ММ-нің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы, Шет ауданының Ақадыр кентінің тұрғыны, өзін-өзі ұсынумен;

- Жумагулова Алия Балтабаевна - 1990 жылы туған, «Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің іс-жүргізу жөніндегі инспекторы, Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынумен;

- Рахметов Казбек Курманбаевич – 1978 жылы туған, Босаға ауылдық округінің әкімі, Шет ауданының Ақадыр кентінің тұрғыны, «Amanat» партиясының ұсынуымен.

 

 

Бұрма ауылдық округі:

- Абишев Нурболат Акбарулы – 1962 жылы туған, Бұрма ауылдық округінің әкімі, Шет ауданының Бұрма ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясының ұсынуымен;

- Ардақұлы Қуаныш – 1997 жылы туған, «Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің мемлекеттік қызметтер көрсетуді бақылау және ақпараттық технологияларды пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі бас инспектор, Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынумен;

- Оразалин Бахтияр Тілеубайұлы – 1989 жылы туған, «Шет ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Шет ауданының Үңірек ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынумен.

     

 

 

 

 

Шет аудандық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
26 января 2024