Шет ауданының Босаға, Бұрма ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

Шет ауданының Босаға, Бұрма ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

 

2024 жылғы 23 қаңтарда Шет аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, "Шет ауданының Босаға, Бұрма ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы" шешім қабылданды.

Шет ауданының Босаға, Бұрма ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы баяндамамен аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Амангельдинов сөз сөйледі.

2024 жылғы 11-23 қаңтар аралығында Шет ауданының Босаға, Бұрма ауылдық округтері әкімдеріне 6 кандидат құжат тапсырғанын хабарлады. Оның ішінде саяси партиялардан - 2, өзін - өзі ұсыну тәртібімен - 4. Ұсынылған үміткерлердің ішінде 5 ер адам және 1 әйел адам бар.

Кандидаттардың орташа жасы - 38 жас. Ең жас үміткер 27 жаста, үміткерлер арасында ең үлкен жас - 61 жас.

Мамандықтар бойынша: 1 – қаржыгер, 2 – заңгерлер, 2 – оқытушылар, 1-басқа.

Ұсынылған кандидаттардың ішінде: мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің 1 қызметкері мен 5 мемлекеттік қызметші құжат ұсынды.

Қазіргі уақытта Босаға, Бұрма ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу процесі жүргізілуде, тіркеу 2024 жылғы 28 қаңтарға дейін жалғасады, өйткені сайлау туралы заңнамаға сәйкес сайлау комиссиялары мемлекеттік органдармен бірлесіп кандидаттар ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексеру бойынша жұмыстар жүргізеді.

 

ШЕТ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ

Дата публикации
23 января 2024