Шет аудандық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Шет аудандық сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

 

Шет аудандық сайлау комиссиясы хабарлайды:

  1. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 14 бабының 3 тармағына және 113-1 бабына сәйкес келесі ауылдық округтер әкімдерінің сайлауы 2024 жылғы 18 ақпанға тағайындалды:

- Босаға ауылдық округі әкімінің;

- Бұрма ауылдық округі әкімінің.

   2. 2024 жылдың 18 ақпанға тағайындалған Шет ауданының ауылдық округтері мен кенттері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді:

  • Әкімдікке үміткерлерді ұсыну 2024 жылдың 11 қаңтарында басталып, 2024 жылдың 23 қаңтары сағат 18:00-де аяқталады;
  • Әкімдікке үміткерлерді тіркеу 2024 жылдың 28 қаңтары сағат 18:00-де аяқталады.

 

Шет аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
10 января 2024