Шет ауданының Ақсу-Аюлы, Талды ауылдық округтері және Ақадыр, Ақшатау, Мойынты кенттерінің әкімдерін тіркеу туралы
ХАБАРЛАМА
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, 2023 жылдың 17 қыркүйегінде өткен ауылдық округтер мен кенттер әкімдерінің сайлау қорытындылары бойынша Шет аудандық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 20 қыркүйектегі №36 шешімімен әкімдер тіркелді:
- Смаилов Дархан Бекдарұлы, 1979 жылы туған, Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны, Қарағанды облысы Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылдық округінің әкімі;
- Абжанов Нұрлан Аманұлы, 1972 жылы туған, Бұқар-Жырау ауданы Үштөбе ауылының тұрғыны, Қарағанды облысы Шет ауданының Талды ауылдық округінің әкімі;
- Қойшыбаев Мерей Жасұланұлы, 1985 жылы туған, Ақадыр кентінің тұрғыны, Қарағанды облысы Шет ауданының Ақадыр кентінің әкімі;
- Сеилбеков Нұрлан Төкенұлы, 1978 жылы туған, Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны, Қарағанды облысы Шет ауданының Ақшатау кентінің әкімі;
- Тұрабеков Саяхат Жаманқұлұлы, 1976 жылы туған, Мойынты кентінің тұрғыны, Қарағанды облысы Шет ауданының Мойынты кентінің әкімі.
ШЕТ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ