2023 жылдың 17 қыркүйегінде өткен Шет ауданының Ақсу-Аюлы, Талды ауылдық округтері және Ақадыр, Ақшатау, Мойынты кенттері әкімдерінің сайлауы қорытындылары туралы ХАБАР
Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде Шет ауданының Ақсу-Аюлы, Талды ауылдық округтері және Ақадыр, Ақшатау, Мойынты кенттері әкімдерінің сайлауы өтті.
Шет аудандық сайлау комиссиясы ҚР "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңның 14-бабының 9-тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес, әкімдерді сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 12504 азамат енгізілді, оның ішінде 8890 (71,1%) дауыс беруге қатысты.
Әкімдікке кандидаттар саны - 15 адам, оның ішінде "Amanat" партиясынан 5 кандидат, Қазақстан Халық партиясынан 2 кандидат, өзін-өзі ұсыну арқылы 8 кандидат.
Сайлауға кандидаттардың 12 сенімді тұлғасы қатысты.
Сайлау заң талаптарын сақтай отырып, заңбұзушылықсыз өтті. Прокуратура органдарына шағымдар мен арыздар түскен жоқ, соттарға талап-арыздар енгізілген жоқ.
Барлық 5 сайлау округінде әкімдер сайланды.
Ақсу-Аюлы ауылдық округі бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3608 азамат енгізілді, олардың 2625-сі (72,75%) дауыс берді.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Жумагулова Алия Балтабаевна – 233;
Смаилов Дархан Бекдарұлы – 2130;
Тыныбаев Бейбіт Кәсіпқұлұлы – 172;
Барлығына қарсы – 72.
Ақсу-Аюлы ауылдық округінің әкімі болып Смаилов Дархан Бекдарұлы сайланды, 1979 жылы туған, «Шет ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің басшысы, Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясының ұсынуымен.
Талды ауылдық округі бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 463 азамат енгізілді, олардың 324-сі (69,98%) дауыс берді.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Абжанов Нұрлан Аманұлы - 251
Ардақұлы Қуаныш – 21
Омарова Айнұр Ермекқызы - 27
Барлығына қарсы – 23.
Талды ауылдық округінің әкімі болып Абжанов Нұрлан Аманұлы сайланды, 1972 жылы туған, «Биата» ЖК-нің басшысы, Бұқар-Жырау ауданы Үштөбе ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясының ұсынуымен.
Ақадыр кенті бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 6565 азамат енгізілді, олардың 4637-і (70,63%) дауыс берді.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Қаракекілов Бейбіт Мұхтарұлы - 335
Қойшыбаев Мерей Жасұланұлы - 3659
Мұханов Алмаз Берікұлы - 530
Барлығына қарсы – 23.
Ақадыр кентінің әкімі болып Қойшыбаев Мерей Жасұланұлы сайланды, 1985 жылы туған, «GUMYR 2019» ЖШС-нің басшысы, Шет ауданы Ақадыр кентінің тұрғыны, «Amanat» партиясының ұсынуымен.
Ақшатау кенті бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 796 азамат енгізілді, олардың 556-ы (69,85%) дауыс берді.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Ибраев Мәулен Алпысбайұлы -32
Мәуленов Темірлан Кәрібайұлы - 40
Сеилбеков Нұрлан Төкенұлы - 473
Барлығына қарсы – 5.
Ақшатау кентінің әкімі болып Сеилбеков Нұрлан Төкенұлы сайланды, 1978 жылы туған, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының Шет ауданының тіркеу және жер кадастры бөлімінің басшысы, Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясының ұсынуымен.
Мойынты кенті бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1072 азамат енгізілді, олардың 748-ы (69,78%) дауыс берді.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Жақанов Олжас Мұсағұлұлы - 64
Медиа Балауса Жандәулетқызы - 138
Тұрабеков Саяхат Жаманқұлұлы - 482
Барлығына қарсы – 3.
Мойынты кентінің әкімі болып Тұрабеков Саяхат Жаманқұлұлы сайланды, 1976 жылы туған, Мойынты кентінің әкімі, Шет ауданы Мойынты кентінің тұрғыны, «Amanat» партиясының ұсынуымен.
ШЕТ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ