Шет ауданының ауылдық округтері мен кенттері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы
2023 жылғы 28 тамызда Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда "Шет ауданының ауылдық округтері мен кенттері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы" шешім қабылданды.
Шет ауданының Ақсу-Аюлы, Талды ауылдық округтері және Ақадыр, Ақшатау, Мойынты кенттері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы баяндамамен аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Амангельдинов сөз сөйледі.
2023 жылғы 27 тамыз сағат 18:00-ге Шет ауданының Ақсу-Аюлы, Талды ауылдық округтері және Ақадыр, Ақшатау, Мойынты кенттері әкімдеріне 17 кандидат ұсынылып, оның 15-і (88,2%) тіркелгендігін хабарлады. Тіркелген үміткерлердің ішінде 12 (80%) ер адам және 3 (20%) әйел адам бар.
Мамандықтар бойынша: 2 – қаржыгерлер, 6 – заңгерлер, 2 – оқытушылар, 5-басқалар.
Тіркелген кандидаттардың ішінде: коммерциялық құрылымдардың 1 қызметкері; мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің 3 қызметкері; 8 мемлекеттік қызметші, 3 жеке кәсіпкер.
2023 жылғы 27 тамыз сағат 18:00-ден бастап Шет ауданының Ақсу-Аюлы, Талды ауылдық округтері және Ақадыр, Ақшатау, Мойынты кенттері әкімдігіне тіркелген барлық кандидаттар ағымдағы жылғы 15 қыркүйек сағат 00.00-ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "Бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін кандидаттарға қаражат бөлу қағидалары мен көлемін бекіту туралы" 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/202 қаулысына сәйкес кандидатқа БАҚ-та өз бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшін қаражат бөлу көзделген: теледидарда - 15 минут; радиода-10 минут; мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда екі мақаласын жариялау үшін 0,1 баспа парағынан артық емес. Барлық кандидаттарға заңнамада үгіт жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайларға кепілдік беріледі.
Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы