ШЕТ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ
Шет ауданының ауылдық округтері мен кенттері әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
Шет аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес 2023 жылдың 17 қыркүйегіне тағайындалған Шет ауданының Ақсу-Аюлы, Талды ауылдық округтері мен Ақадыр, Ақшатау, Мойынты кенттері, әкіміне 2023 жылдың 24-25 тамызы аралығында 15 кандидаттың тіркелгендігін хабарлайды.
Ақсу-Аюлы ауылдық округі:
- Жұмағұлова Әлия Балтабайқызы - 1990 жылы туған, «Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің іс-жүргізу жөніндегі инспекторы, Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынуымен;
- Смаилов Дархан Бекдарұлы – 1979 жылы туған, бөлім басшысы, «Шет ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ, Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясының ұсынуымен;
- Тыныбаев Бейбіт Кәсіпқұлұлы – 1987 жылы туған, бас маман, «Бұрма ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Шет ауданының Бұрма ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынуымен.
Талды ауылдық округі:
- Абжанов Нұрлан Аманұлы - 1972 жылы туған, басшы, «Биата» ЖК, Бұқар-Жырау ауданы Үштөбе ауылының тұрғыны, , «Amanat» партиясының ұсынуымен;
- Ардақұлы Қуаныш – 1997 жылы туған, бас инспектор, «Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ, Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынуымен
- Омарова Айнұр Ермекқызы - 1978 жылы туған, бас маман, «Нұраталды ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Шет ауданының Нұраталды ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынуымен;
Ақадыр кенті:
- Қаракекілов Бейбіт Мұхтарұлы – 1989 жылы туған, механик, Ақадыр ЖЭС "KEGOC" АҚ «Орталық жүйеаралық электр желілері» филиалы, Шет ауданының Ақадыр кентінің тұрғыны, Қазақстан Халық партиясының ұсынуымен;
- Қойшыбаев Мерей Жасұланұлы - 1985 жылы туған, басшы, «GUMYR 2019» ЖШС, Шет ауданының Ақадыр кентінің тұрғыны, «Amanat» партиясының ұсынуымен;
- Мұханов Алмаз Берікұлы – 1985 жылы туған, жеке кәсіпкер, «Муханов» ЖК, Шет ауданының Ақадыр кентінің тұрғыны, өзін-өзі ұсынуымен.
Ақшатау кенті:
- Ибраев Мәулен Алпысбайұлы – 1972 жылы туған, сектор меңгерушісі, «Шет ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынуымен;
- Мауленов Темірлан Кәрібайұлы – 1997 жылы туған, директор, Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының Шет ауданының Халыққа қызмет көрсету жөніндегі № 2 бөлімі филиалы, Шет ауданының Тұмсұқ ауылының тұрғыны, Қазақстан Халық партиясының ұсынуымен;
- Сеилбеков Нұрлан Төкенұлы - 1978 жылы туған, басшы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының Шет ауданының тіркеу және жер кадастры бөлімі» Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясының ұсынуымен.
Мойынты кенті:
- Жақанов Олжас Мұсағұлұлы – 1991 жылы туған, бас маман, «Шет ауданының құрылыс бөлімі» ММ, Шет ауданының Ақадыр кентінің тұрғыны, өзін-өзі ұсынуымен;
- Медиа Балауса Жандәулетқызы – 1998 жылы туған, бас маман, «Босаға ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Шет ауданының Босаға ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынуымен;
- Тұрабеков Саяхат Жаманқұлұлы – 1976 жылы туған, әкім, «Мойынты кенті әкімінің аппараты» ММ, Шет ауданының Мойынты кентінің тұрғыны, «Amanat» партиясының ұсынуымен.
Шет аудандық сайлау комиссиясы