Шет ауданының ауылдық округтері мен кенттері әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

Шет ауданының ауылдық округтері мен кенттері әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

 

2023 жылғы 23 тамызда Шет аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда "Шет ауданының ауылдық округтері мен кенттері әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы" шешім қабылданды.

Шет ауданының Ақсу-Аюлы, Талды ауылдық округтері және Ақадыр, Ақшатау, Мойынты кенттері әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы баяндамамен аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Амангельдинов сөз сөйледі.

2023 жылғы 10-22 тамыз аралығында Шет ауданының Ақсу-Аюлы, Талды ауылдық округтері және Ақадыр, Ақшатау, Мойынты кенттері әкімдеріне 17 кандидат құжат тапсығанын хабарлады. Оның ішінде саяси партиялардан - 7, өзін - өзі ұсыну тәртібімен-10. Ұсынылған үміткерлердің ішінде 14 ер адам және 3 әйел адам бар.

Кандидаттардың орташа жасы - 37 жас. Ең жас үміткер 25 жаста, үміткерлер арасында ең үлкен жас-51 жаста.

Мамандықтар бойынша: 2 – қаржыгерлер, 7 – заңгерлер, 2 – оқытушылар, 6-басқалар.

Ұсынылған кандидаттардың ішінде: коммерциялық құрылымдардың 2 қызметкері; мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің 3 қызметкері; 9 мемлекеттік қызметші, 3 жеке кәсіпкер.

Қазіргі уақытта Ақсу-Аюлы, Талды ауылдық округтері және Ақадыр, Ақшатау, Мойынты кенттері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу процесі жүргізілуде, тіркеу ағымдағы жылдың 27 тамызына дейін жалғасады, өйткені сайлау туралы заңнамаға сәйкес сайлау комиссиялары мемлекеттік органдармен бірлесіп кандидаттар ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексеру бойынша жұмыстар жүргізеді.

 

ШЕТ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ

Дата публикации
25 августа 2023