Шет ауданының ауылдық округ, кент әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

Шет аудандық сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

 

Шет аудандық сайлау комиссиясы хабарлайды:

  1. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Шет ауданының Ақсу-Аюлы, Талды ауылдық округтері және Ақадыр, Ақшатау, Мойынты кенттерінің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтері құрылды:

1) Ақсу-Аюлы ауылдық округінің шекарасында Ақсу-Аюлы сайлау округі;

2) Талды ауылдық округінің шекарасында Талды сайлау округі;

3) Ақадыр кентінің шекарасында Ақадыр сайлау округі;

4) Ақшатау кентінің шекарасында Ақшатау сайлау округі;

5) Мойынты кентінің шекарасында Мойынты сайлау округі.

  1. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 14 бабының 3 тармағына және 113-1 бабына сәйкес келесі ауылдық округтер мен кенттер әкімдерінің сайлауы 2023 жылғы 17 қыркүйекке тағайындалды:

- Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімінің;

- Талды ауылдық округі әкімінің;

- Ақадыр кенті әкімінің;

- Ақшатау кенті әкімінің;

- Мойынты кенті әкімінің.

  1. 2023 жылдың 17 қыркүйегіне тағайындалған Шет ауданының ауылдық округтері мен кенттері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді:
  • Әкімдікке үміткерлерді ұсыну 2023 жылдың 10 тамызында басталып, 2023 жылдың 22 тамызы сағат 18:00-де аяқталады;
  • Әкімдікке үміткерлерді тіркеу 2023 жылдың 27 тамызы сағат 18:00-де аяқталады.

Шет аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
09 августа 2023