06 мамыр 2023 жыл
2023 жылы 26 маусымдағы сағат 11.00-де, Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Осакаровка кенті, мекен-жайы бойынша орналасқан Осакаров ауданы әкімі аппаратының ғимаратында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін (жалға) уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша конкурс өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:
1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
2) конкурстық ұсыныс;
Конкурсқа қатысу үшін өтінімді тіркеу және қабылдау 2023 жылдың 056 маусымдан бастап 2023 жылдың 23 маусым сағат 17.00-ге дейін, Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Осакаровка кенті, Хайрулла Байғабылов көшесі 48 (1 қабат, 1 бөлме) мекен-жайында орналасқан, «Осакаров ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-де жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысуға өтінім, өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанша, қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беріледі.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
4) конкурстық ұсыныс;
5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының белгіленген тәртіпте тіркелген мемлекеттік емес заңды тұлғаларымен (шетелдік заңды тұлғалардан, сондай-ақ жарғылық капиталында шетелдіктердің, шетелдік заңды тұлғалардың, азаматтағы жоқ тұлғалардың үлесі елу пайыздан астамын құрайтын заңды тұлғалардан басқа) Қазақстан Республикасының азаматтарына ақпарат мерзімінен кешіктірілмей жіберіледі.
Келесі жер учаскелері төменде көрсетілген кестеге сәйкес конкурсқа шығарылады:
|
№ ЛОТ |
Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (алқаптың түрі және құрамы, бонитет балы) |
Ауданы, |
ЛОТ |
Жалдау мерзімі, жыл |
Жер учаскесінің орналасқан жері, учаскенің кадастырлық нөмірі) |
Су қамтамасыз ету |
Ауданның шаруашылық мамандандыруы |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
|
1 |
Талшынды, суармалы егістік 16,0 га, жайылым 3,0 га, жолдар 0,2 га, жылғалар 0,0530 га балл бонитет – 18 |
19,2530 |
13 |
10 |
Родников а/о |
Қамтамасыз етілмеген |
мал шаруашылығы |
|
2 |
Талшынды, жайылым 87,0 га, жолдар 0,4990 га. Балл бонитет – 10 |
87,4990 |
34 |
10 |
Сұңқар а/о |
Қамтамасыз етілмеген |
мал шаруашылығы |
|
3 |
Талшынды, жайылым 10,3 га, жолдар 0,2476 га. балл бонитет – 31 |
128,3402 |
26 |
10 |
Озерный а/о |
Қамтамасыз етілмеген |
мал шаруашылығы |
|
4 |
Талшынды, суармалы егістік 3,0 га, жайылым 12,0 га, жолдар 0,2343 га, жылғалар 5,0 га балл бонитет –26 |
20,2343 |
27 |
10 |
Озерный а/о |
Қамтамасыз етілмеген |
мал шаруашылығы |
|
5 |
Талшынды, жайылым 53,9 га, жолдар 0,1 га, жылғалар 0,2293 га, балл бонитет – 27 |
54,2293 |
28 |
10 |
Маржанкөл а/о |
Қамтамасыз етілмеген |
мал шаруашылығы |
|
6 |
Талшынды, жайылым 89,0га, жолдар 0,2 га, жылғалар 0,6685 га балл бонитет – 31 |
89,8685 |
10 |
10 |
Маржанкөл а/о |
Қамтамасыз етілмеген |
мал шаруашылығы |
|
7 |
Талшынды, жайылым 105,0 га, жолдар 0,2501 га, жылғалар 1,0 га балл бонитет – 31 |
106,2501 |
18 |
10 |
Николаев а/о |
Қамтамасыз етілмеген |
мал шаруашылығы |
|
8 |
Талшынды, жайылым 141,0 га, жылғалар 0,4859 га, жылғалар 2,5 га, балл бонитет – 33 |
144,4859 |
16 |
10 |
Николаев а/о |
Қамтамасыз етілмеген |
мал шаруашылығы |
|
9 |
Талшынды, егістік 15,0 га, жайылым 2,9996 га. балл бонитет – 15 |
17,9996 |
9 |
10 |
Есіл а/о |
Қамтамасыз етілмеген |
мал шаруашылығы |
Конкурстық ұсыныста болуы тиіс:
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласында білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығымен бекітілген, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.
Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады. Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс. Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалғаалу) құқығын беру жөніндегі конкурс" және "жылғы __________"_____ " дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады. Қосымша ақпаратты, Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Осакаровка кенті, Х.Байғабылов көшесі 48 (1 қабат, 1 кабинет) мекен жайында орналасқан, «Осакаров ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ ала аласыздар. Байланыс телефондары: 8 (72149) 24034, электрондық мекенжайы: Osak_ozo@krg.gov.kz