ШЕТ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

ШЕТ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ

ХАБАРЛАМА

 

2023 жылғы 19 ақпанда Шет аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда Шет аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары қаралды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарына сәйкес, Шет аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды тіркеу ағымдағы жылдың 18 ақпаны сағат 18:00-де аяқталды.

Кандидат ретінде құжат тапсырған 40 үміткердің 39 үміткері тіркелді.

1) оның ішінде саяси партиялардың ұсынысы бойынша - 14:

- «Аmanat» партиясы - 9,

- «Қазақстан Халық партиясы» - 2,

- «Ақ жол» демократиялық партиясы - 1,

- «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партия - 2,

2) өзін - өзі ұсыну тәртібімен - 25.

 

Тіркелген үміткерлердің ішінде:

ерлер - 31-ы (79,5%)

әйелдер – 8-ы (20,5%)   

Үміткерлердің орташа жасы – 43. Ең жас үміткер 23 жаста, үміткерлер арасындағы ең үлкен жас – 64 жаста.

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес кандидаттарды тіркеу туралы хабарлама аудандық газетте және сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жарияланатын болады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен кандидаттарды тіркегеннен кейін, округтік сайлау комиссиялары Мемлекеттік кірістер департаментіне кандидаттардың активтер мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру туралы сұраныс жолдады.

Шет аудандық мәслихатының депутаттығына тіркелген кандидаттар үшін сайлау науқанының келесі кезеңі - сайлау алдындағы үгітті жүргізу 18 ақпан сағат 18:00-ден басталып, 18 наурыз сағат 00.00-де аяқталады.

 

ШЕТ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ

Дата публикации
19 февраля 2023