Ортау ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізу қорытындылары туралы АҚПАРАТ

Ортау ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізу қорытындылары туралы

АҚПАРАТ

 

Ағымдағы жылдың 12 ақпанында Шет ауданының Ортау ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Ортау ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы бойынша "Amanat" партиясы ұсынған кандидат сайланды.

Сайлаушылардың келуі 75,3% немесе 162 сайлаушыны құрады (барлығы – 215 сайлаушы).

Сайлау бюллетеньдеріне 3 кандидат енгізілді, оның ішінде "Amanat" партиясынан 1 кандидат, өзін-өзі ұсыну арқылы 2 кандидат.

Сайлауға кандидаттардың 2 сенімді тұлғасы қатысты.

Сайлау заң талаптарын сақтай отырып, заңбұзушылықсыз өтті. Прокуратура органдарына шағымдар мен арыздар түскен жоқ, соттарға талап-арыздар енгізілген жоқ.

Өзін-өзі ұсынушы Амангельдин Аманбол Даулетович 21 сайлаушы (13,5%), өзін-өзі ұсынушы Жакенов Абзал Толеуович 13 сайлаушы (8,3%), "Amanat" партиясы ұсынған Куанышбеков Досан Талгатович дауыс беру қорытындысы бойынша 122 сайлаушы (78,2%), 3 адам (1,9%) "барлығына қарсы" дауыс берді, 3 бюллетень жарамсыз деп танылды.

Сайлау қорытындысы бойынша Шет ауданының Ортау ауылдық округі әкімі болып "Amanat" партиясынан ұсынылған Куанышбеков Досан Талгатович сайланды.

 

 

Шет аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
13 февраля 2023