Конкурстық комиссия шешімі

Шет ауданы әкімі жанындағы  конкурстық комиссия отырысының  үміткерлермен өткізілген әнгімелесудің қорытындысы бойынша хаттама

(төменгі лауазым болып табылатын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға жалпы конкурс)

 

 

Ақсу-Аюлы ауылы                   №3                                07.02.2023 ж.

 

Қатысқандар:

 

Комиссия төрағасы :     О.З.Стыбаев            –  аудан әкімі аппаратының жетекшісі

 

Комиссия хатшысы:     Г.К.Кулейменова   – аудан әкімі аппаратының

                                                                          кадр қызметі бөлімінің бас маманы

 

Комиссия мүшелері:     А.А.Нурмуханова   –  аудан  әкімі аппаратының

                                                                          кадр қызметі бөлімінің басшысы;    

                                      Қ.Ардақұлы            –  аудан  әкімі аппаратының

                                                                          ұйымдастыру бөлімінің басшысы;   

                                      Г.Т.Жазыкбекова    –  аудан әкімі аппаратының

                                                                          құжаттамалық қамтамасыз ету және

                                                                          өтініштермен жұмыс бөлімінің

                                                                          басшысы;

                                      Ж.А.Аскарбаев       – аудан әкімі аппаратының       

                                                                          мемлекеттік-құқықтық жұмыс

                                                                          бөлімінің басшысы.

 

 

Күн тәртібі

Үміткерлерді ұсынылған құжаттары  мен  өткізілген әнгімелесу  қорытындысы бойынша  бағалап,  олардың ішінен бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына іріктеу жүргізу. 

 

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының жетекшісі, комиссия төрағасы О.Стыбаев 2023 жылдың 24 қаңтарында  уәкілетті органның және мемлекеттік органның сайтында «Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің ұйымдастыру бөлімінің бас маманы (санаты Е-4, №9-2, В блогы), «Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің ұйымдастыру бөлімінің бас маманы – пресс-хатшысы (санаты Е-4, №9-4, В блогы), «Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы (санаты Е-4, №11-2, В блогы), «Талды  ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің жетекші маманы (санаты Е-G-4, №16-3, В блогы), «Талды  ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің жетекші маманы 05.12.2025ж. дейін негізгі қызметшінің бала күту демалысы кезеңіне (негізгі жұмыскердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығуға құқығы бар) (санаты Е-G-4, №16-4, B блогы) барлығы 5 бос орнына конкурс жарияланғандығын айтты.

Конкурсқа төменгі үміткер құжаттарын тапсырғанын хабарлады, ол:

  1. Максутова Толкун – бір жоғары білімі бар: «Болашақ» қарағанды университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі «құқық». «Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы (санаты Е-4, №11-2, В блогы) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткер.
  2. Сулубек Асқат Ибрагимұлы – бір жоғары білімі бар: «ҚР ішкі істер министрлігінің М Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтын «Заңтану» мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі «заңтану бакалавры». «Талды ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің жетекші маманы 05.12.2025ж. дейін негізгі қызметшінің бала күту демалысы кезеңіне (санаты Е-G-4, №16-4, B блогы) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткер.

Конкурстық комиссия үміткер ұсынған құжаттарды қарастырып, кәсіби тәжірибесін, басқару және коммуникативтік дағдыларын ескере отыра,  үміткермен өткізген әңгімелесу қорытындысын талқылай келе бір ауыздан ШЕШІМ ЕТТІ:

«Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы (санаты Е-4, №11-2, В блогы) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткер Максутова Толкун ұсынылсын.

«Талды  ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің жетекші маманы 05.12.2025ж. дейін негізгі қызметшінің бала күту демалысы кезеңіне (санаты Е-G-4, №16-4, B блогы) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткер Сулубек Асқат Ибрагимұлы ұсынылсын.

ІІ.Осы жарияланған конкурс бойынша  «Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің ұйымдастыру бөлімінің бас маманы (санаты Е-4, №9-2, В блогы), «Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің ұйымдастыру бөлімінің бас маманы – пресс-хатшысы (санаты Е-4, №9-4, В блогы), «Талды  ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің жетекші маманы (санаты Е-G-4, №16-3, В блогы)      бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына (барлығы 3 бос орынға) құжат тапсырған үміткерлер болған жоқ.

ІІІ. Конкурстық комиссия әңгімелесу барысында техникалық жазба құралдарын қолданды.

ІV.   Конкурстық комиссия отырысына Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығының "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының 36 тармағына сәйкес ҚР мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінің мемлекеттік қызмет істері басқармасының бас маманы  А.М.Алтынбекова (онлайн түрде)  қатысты.

 

        

Комиссия төрағасы                                          О.Стыбаев

 

Комиссия хатшысы                                         Г.К.Кулейменова

 

Комиссия мүшелері:                                          Г.Т.Жазыкбекова

 

                                                                            А.А.Нурмуханова

                                                                           

                                                                            Қ.Ардақұлы

 

                                                                            Ж.А.Аскарбаев

 

                                                                           

 

Дата публикации
07 февраля 2023