Шет ауданының Ортау ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы ХАБАРЛАМА

ШЕТ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ

Шет ауданының Ортау ауылдық округі әкіміне

кандидаттарды тіркеу туралы

ХАБАРЛАМАСЫ

 

Шет аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес 2023 жылдың 12 ақпанына тағайындалған Шет ауданының Ортау ауылдық округі әкіміне 3 кандидаттың тіркелгендігін хабарлайды:

- Амангельдин Аманбол Даулетович – 1995 жылы туған, Шет ауданының жұмыспен қамту орталығының директоры, Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынумен;

- Жакенов Абзал Толеуович – 1980 жылы туған, С.Сейфуллин кенті әкімі аппаратының бас маманы, С.Сейфуллин кентінің тұрғыны, өзін-өзі ұсынумен;

- Куанышбеков Досан Талгатович – 1986 жылы туған, С.Сейфуллин кентінің балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары, Ақадыр кентінің тұрғыны, «Amanat» партиясының ұсынуымен.

 

АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ

 

Дата публикации
19 января 2023