Шет ауданының Ортау ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

Шет ауданының Ортау ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды

ұсыну қорытындылары туралы

 

2023 жылғы 19 қаңтарда Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда Шет ауданының Ортау ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы шешім қабылданды.

Шет ауданының Ортау ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы баяндамамен аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Г.Р.Акеева сөз сөйледі.

2023 жылғы 5 және 17 қаңтар аралығында Ортау ауылдық округі әкімдігіне 3 кандидат ұсынылғанын хабарлады. Оның ішінде саяси партиялардан - 1, өзін - өзі ұсыну тәртібімен- 2. Ұсынылған үміткерлердің  барлығы ер адамдар.

Кандидаттардың орташа жасы - 35 жас. Ең жас үміткер 27 жаста, үміткерлер арасында ең үлкені 42 жаста.

Мамандықтар бойынша: 2 – заңгер, 1 – оқытушы.

Ұсынылған кандидаттардың ішінде: мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің 2 қызметкері; 1 мемлекеттік қызметші.

Қазіргі уақытта кандидаттардың талаптарға сәйкестігін анықтау процесі жүргізілуде, тіркеу ағымдағы жылдың 22 қаңтарында дейін жалғасады, өйткені сайлау туралы заңнамаға сәйкес сайлау комиссиялары мемлекеттік органдармен бірлесіп кандидаттар ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексеру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ

Дата публикации
18 января 2023