Шет ауданының Ортау ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

ШЕТ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ

Шет ауданының Ортау ауылдық округі әкімінің сайлауын

тағайындау туралы

2023 жылғы 4 қаңтардағы №3 ШЕШІМІ

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Шет аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Шет ауданында 2023 жылғы 12 ақпанға Ортау ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
  2. 2023 жылдың 12 ақпанына тағайындалған Шет ауданының Ортау ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін:
  • Әкімдікке үміткерлерді ұсыну 2023 жылдың 5 қаңтарында басталып, 2023 жылдың  17 қаңтары сағат 18:00-де аяқталады;
  • Әкімдікке үміткерлерді тіркеу 2023 жылдың 22 қаңтары сағат 18:00-де аяқталады.
  1. Осы қаулы Шет аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық газетте жариялансын.

 

 

Шет аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                Е.М.Мұқабаев

 

Шет аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                А.И.Мұхатай

Дата публикации
04 января 2023