Шет аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

Шет аудандық сайлау комиссиясының

2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 33

Шет аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

ШЕШІМІ

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес және  Шет аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 32 «Шет аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау комиссияларын құру туралы» шешіміне сәйкес ШЕШТІ

  1. Шет аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінде 12 округтік сайлау комиссиялары құрылсын.

2 Шет аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін осы шешім Шет аудандық мәслихатына жіберілсін.

  1. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылсын.
  2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шет аудандық сайлау

комиссиясының  төрағасы                                                                Мұқабаев Е.

 

Шет аудандық сайлау

комиссиясының  хатшысы                                                                Мұхатай А.

 

 

Дата публикации
30 декабря 2022