Шет аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы шешім

Шет аудандық сайлау комиссиясының

 2022 жылдың 30 желтоқсандағы №32

Шет аудандық  мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша

аумақтық сайлау округтерін құру туралы

ШЕШІМІ

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 9-бабының 3-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1-тармағына, 22-бабына сәйкес және «Сайланатын мәслихатттар депутаттарының санын айқындау туралы»  Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысының негізінде Шет аудандық сайлау комиссиясы  ШЕШТІ:

  1. Шет аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша Шешімге қосымшаға сәйкес шекараларда 12 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері құрылсын
  2. Шешім Шет аудандық мәслихатқа жіберілсін.
  3. Осы Шешім бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылсын.
  4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шет аудандық сайлау

комиссиясының  төрағасы                                                                Мұқабаев Е.

 

Шет аудандық сайлау

комиссиясының  хатшысы                                                                Мұхатай А.

Дата публикации
30 декабря 2022