Аудан экономикасының нақты сектор саласында, 2020 жылдың 4 айында – 32826,5 млн.теңгенің өнімі өндірілді. Былтырғы жылмен салыстырғанда – 5801,0 млн.теңгеге артты, айғақтық көлем индексі – 95,9 % құрады. Төмендеу себебі, "Sary-Arka Copper Processing" ЖШС кәсіпорыны 2019 жылы 1П есебін жасау кезінде мыс қоспасын және мыс қоспасындағы мыстың көлемін қате көрсеткен. Осы мәселе бойынша кәсіпорын статистика департаментіне хат жолдаған. (2019 ж- 27025,5 млн.теңге.).
Негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі – 5911,5 млн.теңге жетіп, өткен жылдың 4 айымен салыстырғанда – 2871,0 млн.теңгеге артты. Айғақтық көлем индексі – 191,9 % құрады (2019 ж- 3040,5 млн.тенге).
Ауылшаруашылық саласында қаңтар-сәуір айында – 6643,1 млн.теңгенің өнімі өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда -175,1 млн.теңгеге артты. Айғақтық көлем индексі –103,7 % болды (2019 ж- 6468,0 млн.теңге).
Тұрғын үй саласына келетін болсақ, қаңтар-сәуір айында – 4955,0 ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді. Өткен жылдың 4 айымен салыстырғанда 101,7 %-ға орындалды.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 4 айда – 2353,1 млн.теңге болды, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда -480,8 млн.тенгеге артты. Айғақтық көлем индексі – 123,8 % болды. (2019 ж- 1872,3 млн.тенге).
Тауар айналым көлемі есепті мерзімде – 539,6 млн.теңгені құрады, былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда -6,1 %- ға төмендеді. Айғақтық көлем индексі – 88,3 % болды.
2020 жылдың 1 мамырына кіріс жағы 123,0%-ға орындалды, межеленген 938,1 млн.теңгенін орнына 1156,6 млн.теңге алым-салық түсті.
Шығыс жоспары 3795,1 млн.теңге болса орындалысы 3783,5 млн.теңге, қаржы игерімі 99,7 %-ға орындалды, яғни 11,6 млн.теңгеге жуық қаржы игерілмеді.
Шағын және орта бизнес саласында қаңтар-сәуір айында жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 3054 бірлікті құрап, онда 5238 адам жұмыспен қамтылды.
Өндірілген өнім көлемі 10044,8 млн теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2,3 %-ға артты.
Әлеуметтік жағдай, есепті мерзімге жұмыссыздар саны 451 адам болды, өткен жылмен салыстырғанда 3,9 %-ға өскен. Жұмысқа 244 адам орналастырылды, былтырғы жылмен салыстырғанда 6 адамға төмендеді. Қоғамдық жұмысқа 128 адам тартылды.
Есепті мерзімде, туу деңгейі көрсеткіші төмендегені байқалды, табиғи коэффиценті 2019 жылы қаңтар-наурыз айына -16,87 болса, 2020 жылы қаңтар-наурыз айында -17,93 құрады. Жалпы өлім коэффициентіде өсті 2019 жылы қаңтар-наурыз айына -7,05 болса 2020 жылы қаңтар-наурыз айында -7,42. Нәрестелердін шетінеу коэффициенті 2019 жылы қаңтар-наурыз айына -8,70, 2020 жылы қаңтар- наурыз айында – 10,75 коэффициент болып тіркелді