Шет ауданы әкімі жанындағы конкурстық комиссия отырысының үміткерлермен өткізілген әнгімелесудің қорытындысы бойынша хаттама
(«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға ішкі конкурс)
Ақсу-Аюлы ауылы №3 03.11.2022 ж.
Қатысқандар:
Комиссия төрағасы : О.З.Стыбаев – аудан әкімі аппаратының басшысы;
Комиссия хатшысы: Ж.А.Аскарбаев – ауданы әкімі аппаратының
мемлекеттік-құқықтық жұмыс
бөлімінің басшысы;
Комиссия мүшелері: Г.Т.Жазыкбекова – аудан әкімі аппаратының
құжаттамалық қамтамасыз ету және
өтініштермен жұмыс бөлімінің
басшысы;
А.А.Нурмуханова – аудан әкімі аппаратының
кадр қызметі бөлімінің басшысы;
Қ.Ардақұлы – аудан әкімі аппаратының
ұйымдастыру бөлімінің басшысы;
Байқаушы: К.Қ.Мықыш – «Шет аудандық мемлекеттік архиві»
КММ директоры.
Күн тәртібі
Үміткерлерді ұсынылған құжаттары мен өткізілген әнгімелесу қорытындысы бойынша бағалап, олардың ішінен бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына іріктеу жүргізу.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы, комиссия төрағасы О.Стыбаев 2022 жылдың 26 қазанында уәкілетті органның және мемлекеттік органның сайтында «Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің терроризмге қарсы комиссия жөніндегі бас инспектор (санаты Е-3, қызмет №4-1, В блогы) барлығы 1 бос орнына ішкі конкурс жарияланғандығын айтты.
Конкурсқа төменгі үміткерлер құжаттарын тапсырғанын хабарлады, олар:
Конкурстық комиссия үміткерлер ұсынған құжаттарды қарастырып, кәсіби тәжірибесін, басқару және коммуникативтік дағдыларын ескере отыра, үміткерлермен өткізген әңгімелесу қорытындысын талқылай келе бір ауыздан ШЕШІМ ЕТТІ:
«Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің терроризмге қарсы комиссия жөніндегі бас инспектор (санаты Е-3, қызмет №4-1, В блогы) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына Кенже Нұрдәулет ұсынылсын.
ІІ. Конкурстық комиссия отырысына Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығының "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының 36 тармағына сәйкес ҚР мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінің мемлекеттік қызмет істері басқармасының бас маманы А.М.Алтынбекова (онлайн түрде) қатысты.
ІІІ Конкурстық комиссия әңгімелесу барысында техникалық жазба құралдарын қолданды.
Комиссия төрағасы О.Стыбаев
Комиссия хатшысы Ж.Аскарбаев
Комиссия мүшелері: Г.Жазыкбекова
А.Нурмуханова
Қ.Ардақұлы