С.Сейфуллин атындағы кент әкімінің сайлауын өткізу қорытындылары туралы АҚПАРАТ

С.Сейфуллин атындағы кент әкімінің сайлауын өткізу қорытындылары туралы

АҚПАРАТ

 

Ағымдағы жылдың 16 қазанында Шет ауданының С.Сейфуллин атындағы кенттің әкімінің сайлауы өтті.

С.Сейфуллин атындағы кент әкімінің сайлау қорытындысы бойынша "Amanat" партиясы ұсынған кандидат сайланды.

Сайлаушылардың келуі 77,2% немесе 1367 сайлаушыны құрады (барлығы – 1770 сайлаушы).

Сайлау бюллетеньдеріне 3 кандидат енгізілді, оның ішінде

1-ін " Amanat " партиясы ұсынған, 2-і өзін-өзі ұсыну арқылы.

Сайлауға кандидаттардың 3 сенімді тұлғасы қатысты.

Сайлау заң талаптарын сақтай отырып, заңбұзушылықсыз өтті. Прокуратура органдарына шағымдар мен арыздар түскен жоқ, соттарға талап-арыздар енгізілген жоқ.

"Amanat" партиясы ұсынған Балгабек Аблай Кунжолулы дауыс беру қорытындысы бойынша 1102 сайлаушы (80,6%), өзін-өзі ұсынушы Кошанова Гульжанар Кенышевнаға 177 сайлаушы (12,9%), өзін-өзі ұсынушы Тыныбаев Бейбит Касипкуловичке 81 сайлаушы (5,9%), 4 адам "барлығына қарсы" дауыс берді (0,3%), 3 бюллетень жарамсыз деп танылды.

Сайлау қорытындысы бойынша Шет ауданының С.Сейфуллин атындағы кенттің әкімі болып " Amanat " партиясынан ұсынылған Балгабек Аблай Кунжолулы сайланды, ол 1102 (80,6%) дауысқа ие болды.

 

 

Шет аудандық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
17 октября 2022