Ethics of civil servants

Мемлекеттік қызметшілердің әдебі

 

Мемлекеттік қызметшілердің қызметте және қызметтен тыс уақыттағы негізгі мінез-құлық қағидалары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінде айқындалған. Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілер арасындағы қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуына ықпалын тигізеді және адамгершілік-моральдық бейнесін арттырады, сонымен қатар, әдепсіз жағдайлардың алдын алуға әсер етеді.

Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары, оның ішінде адамгершілік, мораль сынды қасиеттер  жемқорлыққа қарсы іс қимыл мәселесінде де маңызды орын алады.

Кәсібилік пен әдептілік - мемлекеттік қызметшінің тұтас имиджін көрсетеді.

Әдеп нормаларының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында әдеп жөніндегі уәкіл ретінде мемлекеттік қызметшілер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, мемлекеттік қызмет туралы заңдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әдеп кодексі талаптарының сақталуы бойынша мемлекеттік қызметшілерге жеке консультативтік көмектер көрсетіліп келеді. Сонымен қатар, әдептілік нормаларын және мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру бағытында әдеп кодексі талаптарының орындалуын қадағалау мақсатында жеке қабылдауларда жүргізіліп жатар. Мемлекеттік мекемелер, жеке заңды тұлғалар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің және ауылдық округтер мен кенттер әкімдерінің, бас мамандарының қатысуымен семинарлар, кездесулер, түсіндірме жұмыстары тұрақты ұйымдастырылды.

Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тұрақты жалғасын таба беретін болады. Себебі, мемлекеттік қызметте мемлекеттік қызметшілердің әдептілігі  маңызды орын алады. Ал, мемлекеттік қызметші қызметтік әдепті сақтау үшін барлық қажетті деген заңды шараларды қолдануы тиіс.

 

О.Стыбаев,

Шет ауданы әкімі аппаратының жетекшісі,

Әдеп жөніндегі уәкіл

 

Дата публикации
17 августа 2022