ШЕТ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ
Шет ауданының С.Сейфуллин кенті әкіміне
кандидаттарды тіркеу туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
Шет аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес 2022 жылдың 16 қазанына тағайындалған Шет ауданының С.Сейфуллин кенті әкіміне 3 кандидаттың тіркелгендігін хабарлайды:
- Балгабек Аблай Кунжолулы – 1962 жылы туған, С.Сейфуллин кентінің әкімі, С.Сейфуллин кентінің тұрғыны, «Amanat» партиясының ұсынуымен;
- Кошанова Гульжанар Кенышевна – 1990 жылы туған, С.Сейфуллин кенті әкімі аппаратының бас маманы, С.Сейфуллин кентінің тұрғыны, өзін-өзі ұсынумен;
- Тыныбаев Бейбит Касипкулович – 1987 жылы туған, Бұрма ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Бұрма ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынумен.
АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ