Шет ауданының С.Сейфуллин атындағы кенттің әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы

Қарағанды облысының Шет аудандық сайлау комиссиясының

2022 жылғы 16 қыркүйектегі №19/1

 Шет ауданының С.Сейфуллин атындағы кенттің әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы

ҚАУЛЫСЫ

 

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Шет аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шет ауданының С.Сейфуллин кентінің әкімін сайлау бойынша С.Сейфуллин кентінің шекарасында С.Сейфуллин сайлау округі құрылсын.
  2. Сайлау округінің тізімі мен шекаралары және аудандық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, Шет аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық газетте жариялансын.

 

Шет аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                Е.М.Мұқабаев

 Шет аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                А.И.Мұхатай

Дата публикации
16 сентября 2022