Шет ауданының С.Сейфуллин атындағы кент әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Қарағанды облысының Шет аудандық сайлау комиссиясының

2022 жылғы 16 қыркүйектегі №19

 Шет ауданының С.Сейфуллин атындағы кент әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 ҚАУЛЫСЫ

 

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Шет аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шет ауданында 2022 жылғы 16 қазанға С.Сейфуллин кенті әкімінің сайлауы тағайындалсын.
  2. 2022 жылдың 16 қазанына тағайындалған Шет ауданының С.Сейфуллин кенті әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін:
  • Әкімдікке үміткерлерді ұсыну 2022 жылдың 17 қыркүйегінде басталып, 2022 жылдың  30 қыркүйегі сағат 18:00-де аяқталады;
  • Әкімдікке үміткерлерді тіркеу 2022 жылдың 5 қазаны сағат 18:00-де аяқталады.
  1. Осы қаулы Шет аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық газетте жариялансын.

 

Шет аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                Е.М.Мұқабаев

 

Шет аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                А.И.Мұхатай

Дата публикации
16 сентября 2022