2021 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер есебіне арналған аналитикалық анықтамасы

 

2021 жылы 6596 қызмет көрсетілген, оның ішінде мемлекеттік мекемелер арқылы қағаз жүзінде қызметтер көрсетілмеген, ал баламалы (ХҚКО арқылы, «электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін) түрде көрсетілетін қызметтерден мемлекеттік мекемелер арқылы 432 қызмет көрсетілген, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 805 қызмет көрсетілген. Электрондық түрде 5359 қызмет, соның ішінде «электронды үкімет» порталы арқылы 4440 қызмет, ал «Е-лицензиялау» АЖ арқылы 519 қызмет, қызмет берушінің ақпараттық жүйелері арқылы 400 қызмет көрсетілген.
2020 жылдың 22 сәуіріндегі «Мемлекеттік қызметтер көрсету сұрақтары бойынша 2021 жылға арналған ішкі бақылау іс – шараларының жоспарын бекіту туралы» №84ө өкіміне сәйкес жүргізілуде.
Түсіндірме жұмыстарға тоқталсақ, ағымдағы жылы Электрондық Үкімет веб порталын популяризациялау мақсатында ауылдық округтер мен кенттерде 2021 жылы аудан аумағында 15 баннер ілінді.
2021 жылы көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алуды насихаттау бойынша 4900 дана кітапшалар таратылып, мемлекеттік қызмет көрсететін барлық мекемелердің ақпараттандыру тақталарында орналастырылған.
Пандемияға байланысты наурыз айында «Шет Шұғыласы» газетіне және барлық әлеуметтік желілерге мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуға шақыру жөнінде мақала жарияланды.
2021 жылдың 1 сәуірінде аудан әкімінің орынбасарының төрағалығымен жер қатынастары саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жөнінде селекторлық кеңес өткізілді.
Селекторлық кеңеске ауданның жер қатынастары бөлімінің басшысы, ауданның сәулет және қалақұрылысы бөлімінің басшысы, ауданның кеңсе бөлімінің басшысы, «ҰАҚ» АҚ-ның бас маманы және ауылдық округтер мен кенттер әкімдерімен салаға жауапты мамандары қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесімен жұмыс жасау барысында келіп түскен өтінімдерді қабылдау, тіркеу, орындау және өтінім берушіге жауапты жолдау процедуралары туралы және жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтердің бизнес – процесстері мен жауапкершіліктері жөнінде сұрақтары қаралды.
2021 жылдың 7 сәуірінде аудан орталығында жұмысқа орналасу және мемлекеттік қызметтер көрсету жәрмеңкесі онлайн және оффлайн форматында өткізілді.
Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде сағат 10:00-де Босаға ауылында, сағат 12:00-де Киікті ауылында және сағат 16:00-де Мойынты кентінде (мәдениет үйі ғимаратында) мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелердің қызметкерлері тарапынан қызмет алушыларға практикалық көмек және бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді.
2021 жылдың 28 мамырында Ақадыр кентінде мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелердің қызметкерлері тарапынан қызмет алушыларға практикалық көмек және бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді.
Ағымдағы жылдың басынан тұрғындармен әлеуметтік желілер арқылы жалпы 11 тікелей эфир өткізілді.
Мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелердің ақпараттандыру тақталарында жаңадан шыққан ережелер орналастырылған.
Ауылдық округтермен кенттер әкімі аппараттары ғимараттарында хабарландырулар ілінген, ЭЦҚ (электронды цифрлы қолтаңба) онлайн режимде алу жөнінде видеороликтер оның ішінде ЭЦҚ (электронды цифрлы қолтаңба) алу нұқаулығы таратылуда) жүргізілуде.
Мемлекеттік қызметтердің өтініштерін қабылдайтын мамандар қажетті қорғаныс құралдарымен (маскалармен, қолғаптармен, антисептиктермен) жабдықтандырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелердегі мемлекеттік қызмет алушылардың арыз – шағымдары мен ұсыныс пікірлеріне арналған журналдарға ешқандай арыз-шағымдар түскен жоқ.

Дата публикации
17 марта 2022