СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ
Бүгінде елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жалпы мемлекеттік мәртебе берілген, сыбайлас жемқорлықты жою және оның көріністерін болдырмау жөнінде қоғамдық және саяси күштермен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды науқан жүргізілуде .
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стретегияның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті келесі алгоритмде қарастыруға болады: индивидтің құқықтық багажы – оның құқық нормаларын сақтауға дағдысы, заңды бұзбауға дағдысы, жемқорлыққа қарсы құқықтық белсенділігі. Ол дегеніміз индивидтің тек өз іс-әрекетін ғана құқықтық норма шеңберінде ұстауға ұмтылысы емес, сонымен қатар, жемқорлыққа қатысты кез келген заңбұзушылыққа қарсы тұруға дайындығы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өскелең ұрпақпен жұмыс қағидатты маңызды рөл атқарады. Тек жас кезінен мінез-құлықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын енгізу бұл әлеуметтік зұлымдықты жоюға мүмкіндік береді. Бала кезінен тұлғаны қазақстандық париотизм және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу маңызды болмақ.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асырған кездегі құқықтық сауаттылығы әлсіздігінің салдары болып табылады. Осыған байланысты, халық арасында кең ауқымды түсіндіру жұмысы, олардың жасын, кәсіби және өзге де ерекшеліктерін ескере отырып, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру жөніндегі жүйе қалыптасуы тиіс.
О.Стыбаев,
Шет ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі