Ethical rules of a civil servant

 Мемлекеттік қызметшінің әдеп қағидалары

 Жеке тұлғалар мемлекеттік қызметке орналасқан уақытта  бірқатар міндеттер жүктеледі. Яғни, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытында және жұмыстан тыс уақытындағы негізгі мінез-құлық қағидалары қарастырылады.

Мемлекеттік қызметші жан-жақты дамыған тұлға болуы тиіс, үнемі салауатты өмір салты мен отбасы құндылықтарын ұстануы қажет. Ол өз кезегінде мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен мінез-құлық мәселелерінің маңыздылығын меңзейді. Кез келген мемлекеттік қызметшінің моральдық адамгершілік қасиеттері, әдептілігі мен кәсібилігі аса маңызды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізу қағидаттар негізінде көрсетілетінін атап өткен жөн.

Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызмет барысында негізінен белгіленген әдептілік нормаларын қолдануы, сондай-ақ өз іс-әрекеттеріне жауапкершілік алуы қажет.

Мемлекеттік қызмет түрін тұтынушы азаматтармен өзара қарым-қатынас тиімді мемлекеттік аппараттардың негізгі өлшемдерінің бірі болып табылатындықтан, мемлекеттік қызметшілер әр кез жоғары стандартты көрсеткіштерге сай, адалдық, әділдік және ашықтықты басшылыққа ала отырып,  сапалы қызмет көрсетуге талпынуы тиіс.

Кәсіби қызмет көрсету барысында кез-келген мемлекеттік қызметші азаматтармен қарым-қатынас жасауда ойын тиянақты баяндауға, адам сөзін бөлмей, ізгі ниет пен қажетті көмек көрсетуі қажет.
Яғни, мемлекеттік қызметші қандай мәселе туындамаған жағдайда сабырлық, сыпайылық танытып, сұрақтарды мұқият тыңдап, құрмет көрсетуге, толық кеңес беруі маңызды.

Ал, осы қызметшілер атына шағым түскен жағдайда, мәселе зерделеніп тиісті тәртіптік шаралар қабылданады.

 

О.Стыбаев,

Шет ауданы әкімі аппаратының

Әдеп жөніндегі уәкілі

Дата публикации
25 февраля 2022