THE PROCEDURE FOR ORGANIZING AND HOLDING PEACEFUL ASSEMBLIES

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңмен (бұдан әрі - Заң) айқындалған.

Заңның 1 бабы 1 тармағына сәйкес бейбіт жиналыс – сипатына қарай бейбіт, күш қолданылмайтын және қаруланбайтын, мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, халықтың имандылығын, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделеріне қатер төндірмейтін болып табылатын, Қазақстан Республикасының азаматтары жиналыс, митинг пен демонстрация, шеру мен пикеттеу нысанында өткізетін жария іс-шара.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Аталған Заңмен жиналыстарды, митингілер мен пикеттерді ұйымдастыру және өткізбес бұрын хабарлама жасау қарастырылған.

Заңның 10 және 11-баптарына сәйкес олар өткізілгенге дейін 5 жұмыс күні бұрын ұйымдастырушы әкімдікке қағаз жеткізгіште немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында​ хабарлама беруі тиіс, ол 3 жұмыс күні ішінде қарастырылады.

Егер осы мерзім өткеннен кейін жауап берілмесе, ұйымдастырушы бейбіт жиналысты өткізе алады (Заңның 11-бабы 1-тармағының 1-тармақшасы). Хабарлама жолдау рәсімінің мәні осында болып табылады.

Демонстрациялар мен шерулер өткізу үшін бітімгершілік рәсім белгілененген. Бұл үшін өтініштер шара өткізілетін күннен 10​ жұмыс күн бұрын беріледі, олар бойынша жергілікті атқарушы орган 7 жұмыс күні ішінде жауап беруге міндетті (Заңның 12, 13-баптары).

Бұл ретте бейбіт жиналыстар тек арнайы белгіленген жерлерде ғана өткізілуі керек (Заңның 9-бабы).

Жергілікті өкілді органдар мұндай жерлерді пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын және материалдық-техникалық пен ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау рәсімін жүзеге асырады (Заңның 8-бабы).

Бұл шаралар шерулерді өткізу маршруттарының ыңғайлылығын, көлік және инфрақұрылым нысандарының үздіксіз жұмыс істеуін, азаматтардың қауіпсіздігін, санитарлық нормалар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады (Заңның 1-бабы 3-тармақшасы, 8-бабы 2-тармағы 3-тармақшасы, 9-бабы 2-тармағы, 13-бабы 1-тармағы 4-тармақшасы).

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу аталған іс-шаралар аяқталғаннан кейін мүмкін болады.

Қазіргі уақытта елде азаматтардың коронавирусты жұқтыруын болдырмау мақсатында карантин жалғасып жатқанын ескерген жөн.

Осыған қоса, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады (Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 400-бабы).


Шет ауданының прокуратурасы

Дата публикации
23 июня 2022