Хабарлама
Қарағанды облысы бойынша экология департаменті 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ ҚР Экологиялық кодексінің 68-бабының талаптарын орындау үшін, сондай-ақ «Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын және (немесе) көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету Ережесінің 6-тармағының талаптарын, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің «Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 2 маусымдағы № 130 бұйрығын басшылыққа ала отырып, құзыреті шеңберінде қарау және ескертулер мен ұсыныстар беру үшін «IDEAL Хим (ИДЕАЛ Хим)» ЖШС-ның 19.04.2022 жылғы № KZ26RYS00237747 материалдарымен белгіленген қызмет туралы өтініштің көшірмелерін орналастырады.
2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400 - VI ҚРЗ ҚР Экологиялық кодексінің 68-бабының 9-тармағына сәйкес: Мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылық бастамашы көзделіп отырған қызмет туралы өтінішті қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға берген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде көзделіп отырған қызмет туралы өтінішке қатысты өз ескертпелері мен ұсыныстарын беруге құқылы.
Ұсыныстар мен ескертулерді белгіленген мерзімнен кешіктірмей жолдауды, сондай-ақ a.kelgenova@ecogeo.gov.kz электрондық мекенжайға қайталап жолдауды сұраймыз.