Көзделіп отырған қызмет туралы мәлімдеме

Хабарлама

 

Қарағанды облысы бойынша экология департаменті 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ ҚР Экологиялық кодексінің 68-бабының талаптарын орындау үшін, сондай-ақ «Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын және (немесе) көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету Ережесінің 6-тармағының талаптарын, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің «Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 2 маусымдағы № 130 бұйрығын  басшылыққа ала отырып, құзыреті шеңберінде қарау және ескертулер мен ұсыныстар беру үшін «СП Сине Мидас Строй» ЖШС-нің 18.03.2022 жылғы KZ25RYS00226901, 18.03.2022 жылғы KZ30RYS00226908 материалдарымен белгіленген қызмет туралы өтініштердің көшірмелерін орналастырады.

2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400 - VI ҚРЗ ҚР Экологиялық кодексінің 68-бабының 9-тармағына сәйкес: Мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылық бастамашы көзделіп отырған қызмет туралы өтінішті қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға берген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде көзделіп отырған қызмет туралы өтінішке қатысты өз ескертпелері мен ұсыныстарын беруге құқылы.

Ұсыныстар мен ескертулерді белгіленген мерзімнен кешіктірмей жолдауды, сондай-ақ uproos@mail.ru. электрондық мекенжайға қайталап жолдауды сұраймыз.

Дата публикации
11 апреля 2022