Әңгімелесу ХАТТАМАСЫ

Шет ауданы әкімі жанындағы  конкурстық комиссия отырысының  үміткерлермен өткізілген әнгімелесудің қорытындысы бойынша хаттама

( мемлекеттік органның төмеңгі лауазымдар болып табылатын жалпы конкурс)

 

                                       Ақсу-Аюлы ауылы                      №3                               10.04.2020 ж.

 

 

Комиссия төрағасы :   О.Стыбаев - аудан әкімі аппаратының жетекшісі.

Комиссия хатшысы:     Ж.Асқарбаев     - аудан әкімі аппаратының  

терроризмге қарсы комиссия жөніндегі бас инспекторы,комиссия хатшысы    

Комиссия мүшелері:    Алтынбекова Алуа Мұхтарқызы – аудан әкімі            

                                        аппаратының кадр қызметі бөлімінің басшысы;

Жазықбекова Гүлвера Тілеуханқызы – аудан әкімі аппаратының кеңсе бөлімінің басшысы;

Жүніс Шоқан Кәмелұлы – аудан әкімі аппаратының бас инспектор-заңгері.

Толеукулов Нурман Маратович– Шет ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бақылау жөніндегі бас инспекторы.

 

 

Күн тәртібі

Үміткерлерді ұсынылған құжаттары  мен  өткізілген әнгімелесу  қорытындысы бойынша  бағалап,  олардың ішінен бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына іріктеу. 

 

         Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының жетекшісі, комиссия төрағасы О.Стыбаев 2020 жылдың 27 наурызында уәкілетті органның және мемлекеттік органның сайтында төменгі лауазымдар болып табылатын Шет ауданы әкімі аппаратының кадр қызметі бөлімінің бас маманы  (1 бірлік, санаты Е-4, №10-2) барлығы 1 бос орынға жалпы конкурс жарияланғандығын айтты.

         Конкурсқа барлығы тестілік сынақтан өткен төменгі үміткер құжаттарын тапсырғанын хабарлады, олар:

  1. Нурмуханова Айгерим Амангельдиевна – екі жоғары білімі бар, «заңтану » мамандығы бойынша заңтану бакалавры және тасымалдауды, қоғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану мамандығы бойынша магистр білімі бар, Шет ауданы әкімі аппаратының кадр қызметі бөлімінің бас маманы (1 бірлік, Е-4, №10-2) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткер;

         Үміткердің ұсынылған құжаттарын қарап, конкурстың келесі кезеңі әңгімелесуге төмендегі үміткер жіберілді:

  1. Нурмуханова Айгерим Амангельдиевна – екі жоғары білімі бар, «заңтану » мамандығы бойынша заңтану бакалавры және тасымалдауды, қоғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану мамандығы бойынша магистр білімі бар, Шет ауданы әкімі аппаратының кадр қызметі бөлімінің бас маманы (1 бірлік, Е-4,№10-2) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткер

Конкурстық комиссия үміткердің ұсынған құжаттарың және қойылған сұрақтардың жауаптарын қорытындылай келе, бірауыздан ШЕШІМ ЕТТІ:

І. Нурмуханова Айгерим Амангельдиевна – екі жоғары білімі бар, «заңтану » мамандығы бойынша заңтану бакалавры және тасымалдауды, қоғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану мамандығы бойынша магистр білімі бар, Шет ауданы әкімі аппаратының кадр қызметі бөлімінің бас маманы (1 бірлік, Е-4, №10-2) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына ұсынылсын.

ІІ. Конкурстық комиссия әңгімелесу барысында техникалық жазба құралдарын қолданды.

         ІІІ. Конкурстық комиссия отырысына байқаушы ретінде Шет аудандық «Шет шұғыласы» газетінің редакциясы » ЖШС директор-редакторы М. Садуакасов қатысты.

 

 

Комиссия төрағасы                                         О.Стыбаев

 

Комиссия хатшысы                                         Ж.Асқарбаев

 

 

Комиссия мүшелері:                                         А.Алтынбекова

 

                                                                                 Г.Жазықбекова

                                                                          

                                                                                     Ш.Жүніс   

 

                                                                                     Н.Толеукулов

                                              

 

Әңгімелесу ХАТТАМАСЫ
Дата публикации
10 апреля 2020