Ғимараттардың шатырларының ұшуын алдын алу

2021 жылдың шілде айының 8-і күні сағат 21:22 мен 22:05 уақыт аралықтарында Шет ауданының Мойынты кентінде қатты жел дауылы болып, бірнеше ғимараттың шатырының  ұшып  кетуі  болды. Шет ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің дауылды ескертулердің болуын алдын ала хабарлауына байланысты, қатты дауыл болған кездегі ғимараттардың шатырының ұшуынан жарақат алған адамдар болған жоқ.

Жел шатырға әсер ететін табиғи құбылыстардың бірі болып табылады, оларды кез-келген құрылымды  салу кезінде  ескеру қажет. Ғимараттың шатырын осындай жағдайлардан қорғану үшін:

-желдің дұрыс бағытын есептеуді орындаңыз;

-дұрыс шатыр материалын және бекіту жүйесін таңдаңыз.

Бұдан басқа, Шет ауданы  Төтенше жағдайлар бөлімі шатыр жабындысының бұзылуына байланысты, ТЖ мен оқиғалардың алдын алу мақсатында объектілер басшыларына келесі іс-шараларды жүзеге асыру ұсынылады:

-тұрғын үй, әлеуметтік –мәдени мақсаттағы объектілерде құрылыс –монтаждау жұмыстарын жобалау-сметалық құжаттаманы жүзеге асыру кезінде шатыр конструкциялары элементтерін және жарнама құрылыстарының жел жүктемелеріне сәйкестігін бақылауды күшейту;

-ғимарттар мен құрылыстардың ескірген, берік емес конструкцияларын бөлшектеу, өндірістік, тұрғын және өзгеде ғимараттармен құрылыстарды нығайту, желдің әсерімен  байланысты ТЖ туындау қауіпін төмендету бойынша инженерлік-техникалық іс –шаралар жүргізу мәселесін пысықтау;

-қолайсыз климаттық факторлардың әсеріндегі ғимараттармен конструкциялардың жай-күйіне тұрақты бақылауды жүзеге асыру;

-білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарының, тұрғын үйлермен басқада объектілердің аумағында ағаштарды түптеуді ұйымдастыру.

 

 

Шет ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі

Ғимараттардың шатырларының ұшуын алдын алу
Дата публикации
13 июля 2021