2021 жылы атқарылған жұмыстар

2021 жылы атқарылған жұмыстар

Шет ауданында азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, тұрмыстық жемқорлық деңгейін төмендету және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың қоғамдық ахуалын қалыптастыруға бағытталған «Сарыарқа-адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыру бағытында біршама жұмыстар атқарылып келеді.
Жоба бастамасы аясында аудан әкімдігінің ғимаратында «Open-akimat» ашылып, келген азаматтармен қабылдау, түсіндерме жұмыстары жүргізіліп отыр.
«Адал көмек» жобасы бойынша аудан әкімдігінде арнайы халыққа қызмет көрсету барысында еш қиындықсыз халыққа қол жетімді болу үшін «OPEN AKIMAT» халыққа қызмет көрсету бөлімі 2021 жылдан бастап толық жұмыс атқаруда, бөлімде 6 мемекеттік мекеменің білікті мамандары уақытылы жұмыс жасауда. Қазіргі таңда «Адал көмек» жобасы аясында «Instagram» желісі арқылы мекеме басшылары онлайн түрде қызмет көрсетуде. «OPEN AKIMAT» халыққа қызмет көрсету бөлімі көптеген жұмыс атқарылып жатыр. «OPEN AKIMAT» халыққа қызмет көрсету бөлімі толықтай электроды кезек арқылы жұмыс жасайды.
2021 жылдың ІІІ тоқсанында 5341 қызмет көрсетілген, оның ішінде мемлекеттік мекемелер арқылы қағаз жүзінде қызметтер көрсетілмеген, ал баламалы (ХҚКО арқылы, «электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін) түрде көрсетілетін қызметтерден мемлекеттік мекемелер арқылы 347 (6%) қызмет көрсетілген, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 734 (14%) қызмет көрсетілген. Электрондық түрде 4263 (80%) қызмет, соның ішінде «электронды үкімет» порталы арқылы 3612 қызмет, ал «Е-лицензиялау» АЖ арқылы 404 қызмет, қызмет берушінің ақпараттық жүйелері арқылы 247 қызмет көрсетілген.
2020 жылдың IІІ - тоқсанымен салыстырғанда электронды түрде көрсетілетін қызметтер саны 20%-ға артқан.

Дата публикации
07 декабря 2021