Шет ауданында әкімдер сайлауын өткізу қорытындылары туралы
АҚПАРАТ
Ағымдағы жылдың 21 қарашасында Шет ауданының Төменгі Қайрақты ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Төменгі Қайрақты ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы бойынша "Nur Otan"партиясы ұсынған кандидат сайланды.
Сайлаушылардың келуі 74,74% немесе 361 сайлаушыны құрады (барлығы – 483 сайлаушы).
Сайлау бюллетеньдеріне 3 кандидат енгізілді, оның ішінде
1-ін "Nur Otan" партиясы ұсынған, 2-і өзін-өзі ұсыну арқылы.
Сайлауға 6 бақылаушы және кандидаттардың 5 сенімді тұлғасы қатысты.
Сайлау талаптар мен санитарлық нормаларды сақтай отырып, заңбұзушылықсыз өтті. Прокуратура органдарына шағымдар мен арыздар түскен жоқ, соттарға талап-арыздар енгізілген жоқ.
"Nur Otan" партиясы ұсынған Жандос Құралұлы Аешевке дауыс беру қорытындысы бойынша 315 сайлаушы (88%), өзін-өзі ұсынушы Жасұлан Көшкімбайұлы Амантайға 32 сайлаушы (8,9%), өзін-өзі ұсынушы Дінислам Болатханға 11 сайлаушы (3,1%), 2 адам "барлығына қарсы" дауыс берді (0,6%), 1 бюллетень жарамсыз деп танылды.
Сайлау қорытындысы бойынша "Nur Otan" партиясынан ұсынылған, Жандос Құралұлы Айешев сайланды, ол 315 (88%) дауысқа ие болды.
Шет аудандық сайлау комиссиясы