Төменгі Қайрақты ауылдық округі бойынша учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін оқыту

Төменгі Қайрақты ауылдық округі бойынша учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін оқыту

 

        2021 жылдың 4 қарашасында аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Г.Акеева учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне семинар-кеңес өткізді. Семинар-кеңес барысында аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық округтер, кенттер мен ауылдар әкімдерінің сайлауын ұйымдастыру мен өткізу, сайлау процесі субъектілерінің құқықтық жауапкершіліктері, сайлаушылар тізімдерін қалыптастыру, мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың дауыс беруі үшін жағдайды қамтамасыз ету мәселелері айтылды. Семинарға Төменгі Қайрақты ауылдық округінің №782, 783 учаскелік сайлау комиссияларының 10 мүшесі қатысты.

Дата публикации
04 ноября 2021