Шет ауданының Төменгі Қайрақты ауылдық округі әкімдігіне
кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы
2021 жылғы 10 қарашада Шет аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда "Шет ауданының ауылдық округтері мен кенттері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы" шешім қабылданды.
Шет ауданының Төменгі Қайрақты ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы баяндамамен аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Е. Мұқабаев сөз сөйледі.
2021 жылғы 14 шілдесі сағат 18:00-ге Шет ауданының Төменгі Қайрақты ауылдық округі әкімдігіне 4 кандидат ұсынылып, оның 3-і тіркелгендігін хабарлады. Ұсынылған үміткерлердің 3-і де (100%) ер адам.
Мамандықтар бойынша: 3 – әртүрлі мамандықтар (бағдарламалау, жол қозғалысы).
Ұсынылған кандидаттардың ішінде: мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің 1 қызметкері; 1 мемлекеттік қызметші, 1 жұмыс істемейтін қызметкер.
2021 жылғы 10 қараша сағат 18-ден бастап Шет ауданының Төменгі Қайрақты ауылдық округі әкімдігіне тіркелген барлық кандидаттар ағымдағы жылғы 20 қараша сағат 00.00-ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "Бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін кандидаттарға қаражат бөлу қағидалары мен көлемін бекіту туралы" 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/202 қаулысына сәйкес кандидатқа БАҚ-та өз бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшін қаражат бөлу көзделген: теледидарда - 15 минут; радиода-10 минут; мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда екі мақаласын жариялау үшін 0,1 баспа парағынан артық емес. Барлық кандидаттарға заңнамада үгіт жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайларға кепілдік беріледі.