ШЕТ АУДАНЫНЫҢ ТӨМЕНГІ ҚАЙРАҚТЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМДІГІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ҰСЫНУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ
2021 жылғы 05 қарашада Шет аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда "Шет ауданының Төменгі Қайрақты ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы" шешім қабылданды.
Шет ауданының Төменгі Қайрақты ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы баяндамамен аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Ержан Мейрамбекұлы Мұқабаев сөз сөйледі.
2021 жылғы 22 қазан мен 5 қараша аралығында Шет ауданының Төменгі Қайрақты ауылдық округі әкімдігіне 4 кандидат ұсынылғанын хабарлады. Оның ішінде саяси партиялардан - 1, өзін - өзі ұсыну тәртібімен-3. Ұсынылған үміткерлердің ішінде 4-і ер адам.
Кандидаттардың орташа жасы - 31 жас. Ең жас үміткер 28 жаста, үміткерлер арасында ең үлкен жас - 39.
Мамандықтар бойынша: 1 – заңгер, 3 – әртүрлі.
Ұсынылған кандидаттардың ішінде: мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің 1 қызметкері; 1 мемлекеттік қызметші, 2 жұмыс істемейтін қызметкер.
Қазіргі уақытта Төменгі Қайрақты ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды тіркеу процесі жүргізілуде, тіркеу ағымдағы жылдың 10 қарашасына дейін жалғасады, өйткені сайлау туралы заңнамаға сәйкес сайлау комиссиялары мемлекеттік органдармен бірлесіп кандидаттар ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексеру бойынша жұмыстары жүргізілуде.
ШЕТ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ