2021 жылғы 28 қазанда Шет аудандық сайлау комиссиясына "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңының 113-3-бабы 1-тармағына сәйкес 2021 жылдың 21 қарашасына тағайындалған Шет ауданының Төменгі Қайрақты ауылдық округі әкімдігіне кандидаттың өзін-өзі ұсыну тәртібімен дауысқа түсу ниеті туралы 1 кандидаттың құжаттары ұсынылды.
Шет аудандық сайлау комиссиясы Шет ауданының Төменгі Қайрақты ауылдық округі әкімдігіне кандидаттардың Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңында, мемлекеттік қызмет туралы заңда қойылатын талаптарға сәйкес тиісті органдарға сұрау салу негізінде сәйкестігін анықтайды.
2021 жылғы 21 қарашаға тағайындалған Шет ауданының Төменгі Қайрақты ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды ұсыну сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес ағымдағы жылғы 22 қазан мен 5 қараша (сағат 18.00-ге дейін) аралығындағы кезеңде жүзеге асырылады.
Шет аудандық сайлау комиссиясы