Қарағанды облысының
Шет аудандық сайлау комиссиясының
2021 жылғы 21 қазандағы №39
Шет ауданының Төменгі Қайрақты ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
ҚАУЛЫСЫ
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Шет аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Шет ауданында 2021 жылғы 21 қарашаға сайлау тағайындалсын:
- Төменгі Қайрақты ауылдық округінің әкімі.
- 2021 жылдың 21 қарашасына тағайындалған Шет ауданының Төменгі Қайрақты ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін:
- Әкімдікке үміткерлерді ұсыну 2021 жылдың 22 қазанда басталып, 2021 жылдың 5 қарашасында сағат 18:00-де аяқталады;
- Әкімдікке үміткерлерді тіркеу 2021 жылдың 10 қарашасында сағат 18:00-де аяқталады.
- Осы қаулы Шет аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық газетте жариялансын.
Шет аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы Е.М.Мұқабаев
Шет аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы Н.Қ.Маженова