Қарағанды облысы Шет ауданының ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2021 жылғы 25 шілдеде Ақадыр, Дарья, Жамбыл кенттері және Батық, Өспен, Красная поляна, қ.Мыңбаев, Кеншоқы, Шет ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.

Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 10001 азамат енгізілді, оның ішінде 8064 (80,6%)дауыс беруге қатысты

Әкімдікке кандидаттар саны - 31 адам.

Барлық 9 сайлау округінде әкімдер сайланды.

Оның ішінде: партия ұсынған

"Nur Otan" - 6 адам,

Өзін - өзі ұсыну арқылы-3 адам.

Ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламалар Шет аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшаларына орналастырылды және БАҚ-та жарияланды.

Дата публикации
26 июля 2021