Сайлау комиссияларын оқыту

Сайлау комиссияларын оқыту


     2021 жылдың 8 шілдесінде аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының мүшесі К.Мықыш учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне семинар-кеңес өткізді. Семинар кеңес қашықтықтан ZOOM бағдарламасымен арнайы бекітілген кестеге сәйкес ұйымдастырылды. Семинар-кеңес барысында аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық округтер, кенттер мен ауылдар әкімдерінің сайлауын ұйымдастыру мен өткізу, сайлау процесі субъектілерінің құқықтық жауапкершіліктері, сайлаушылар тізімдерін қалыптастыру, мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың дауыс беруі үшін жағдайды қамтамасыз ету мәселелері айтылды. Семинарға 20 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.

Дата публикации
08 июля 2021