Сайлау комиссияларын оқыту
2021 жылдың 30 маусымында аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Г.Акеева учаскелік сайлау комиссияларының орынбасарлары мен мүшелеріне семинар-кеңес өткізді. Семинар кеңес қашықтықтан ZOOM бағдарламасымен арнайы бекітілген кестеге сәйкес ұйымдастырылды. Семинар-кеңес барысында аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық округтер, кенттер мен ауылдар әкімдерінің сайлауын ұйымдастыру мен өткізу, сайлау процесі субъектілерінің құқықтық жауапкершіліктері, сайлаушылар тізімдерін қалыптастыру, мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың дауыс беруі үшін жағдайды қамтамасыз ету мәселелері айтылды. Семинарға 26 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қамтылды.