Сайлау комиссияларын оқыту

Сайлау комиссияларын оқыту

     2021 жылдың 28 маусымында Шет ауданының сайлау процесі бойынша арнайы курстан өткен тренері Г.Жазықбекова аудандық сайлау комиссиясының мүшелеріне семинар-кеңес өткізді. Семинар-кеңес барысында жалпы сайлау процесі субъектілерінің құқықтық жауапкершіліктері, сайлаушылар тізімдерін қалыптастыру, мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың дауыс беруі үшін жағдайды қамтамасыз ету, ауылдық округ, кент әкімдерінің сайлауын ұйымдастырып өткізу мәселелері айтылды. Семинар-кеңеске аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері қатысты.

Дата публикации
28 июня 2021