ШЕТ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ
2021 жылғы 18 шілдедегі №31/2
Шет ауданы Ақадыр кентінің әкіміне кандидатты тіркеу туралы
шешімнің күшін жою туралы
ШЕШІМІ
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 113-6 бабының 1 тармағына сәйкес Шет аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
- 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Ақадыр кенті әкіміне кандидат Олжас Мұсағұлұлы Жақановтың 2021 жылғы 17 шілдедегі өз кандидатурасын алып тастау туралы өтініші негізінде Шет аудандық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 14 шілдедегі Шет ауданы Ақадыр кенті әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы шешімінің күші жойылсын.
- Кандидатқа берілген куәлік жарамсыз деп саналсын.
- Осы шешім Шет аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық газетте жариялансын.
Шет аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы Е.М.Мұқабаев
Шет аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы К.Қ.Мықыш